БҰҰ дүниежүзіндегі байырғы халықтардың халықаралық күнін атап өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ дүниежүзіндегі байырғы халықтардың халықаралық күнін атап өтуде

БҰҰ дүниежүзіндегі байырғы халықтардың халықаралық күнін атап өтуде

"Адамзат дүниесі сан алуан бояулы жіптерден тоқылған көркем кілем болса, байырғы халықтар сол кілемнің бетіндегі ең бір ашық бояулармен бейнеленген бірегей бөлігі. Қоғамның басқа мүшелеріне олардың тәлім етер, үйретер тұстары мол, мақтан тұтатын дүниелері де сан жеткісіз".

  • 8 Тамыз 2003
  • 818
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы БҰҰ-ның бас хатшысы 9-тамызда атап өтілетін дүниежүзіндегі байырғы халықтардың халықаралық күніне орай жасаған мәлімдемесінде атап көрсетті,- деп хабарлайды БҰҰ-ның ресми сайты.

1982-жылы дәл осы күні БҰҰ-да байырғы халықтар мәселесі бойынша жұмыс тобы тұңғыш рет жиналды. Содан бері халықаралық қоғамдастық назарын байырғы халықтар мәселесіне аударуға бағытталған ауқымды істер тындырылды. 1993-жылы алғаш рет байырғы халықтардың Халықаралық күні атап өтілді. Ал 1994-жылы Бас ассамблея байырғы халықтардың Халықаралық он жылдығын жариялады. Байырғы халықтар проблемасы бойынша таяуда құрылған Тұрақты форум осындай халықтарға БҰҰ аясында бас қосып өздеріне қатысты толғақты мәселелерді талқылауға, болашақ даму мүмкіндіктерін айқындауға жағдай жасады.
Кофи Аннан байырғы халықтардың өз мәдениеті, туған топырағы мен төл дәстүрлерін сақтап қалу жолындағы күресінің нәтижесін жоғары бағалады. «Қазір біз өз бойында ата-баба дәстүрі мен қарыштап дамыған қазіргі заманның озық белгілерін бірдей сақтаған , дейтұрғанмен, өзіндік болмысынан түпкілікті бас тартпаған халықтарға құрметпен қарауға тиіспіз»,- деді БҰҰ-ның басшысы.
Осы орайда ол байырғы халықтардың әл-ауқатына, діни наным-көзқарастарына, мәдениетіне, тілі мен өмір салтына әлі де қатер төніп отырғанын атап көрсетті.
Бас хатшы, байырғы халықтардың мәдениеті мен құқығын қорғап дамыту дүниежүзіндегі барша мемлекеттер мен халықтар үшін маңызды міндет екенін баса айтты.