БҰҰ: Газа секторындағы балаларға вакциналар салынып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 499.65
  • 582.89
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ: Газа секторындағы балаларға вакциналар салынып жатыр

БҰҰ: Газа секторындағы балаларға вакциналар салынып жатыр

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен БҰҰ-ның Балалар қоры Газадағы 44 мың балаға медициналық көмек көрсетіп жатыр

  • 14 Қараша
  • 5
Фото: БҰҰ жаңалықтар қызметі

Бұл туралы БҰҰ жаңалықтар қызметі жариялады, деп жазды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.

Иммундау науқаны 18 қарашаға дейін жүргізіледі. 

Қақтығысқа дейін Газада 54 иммундау орталығы болды. Аймақ балаларды вакцинамен қамту бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарында еді. 

— 20 мыңнан астам баланың өмірін қиған соғыстан кейін бізде аман қалғандарды қорғауға мүмкіндік бар. Әр балаға екпе егу, олардың денсаулығын сақтау және дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету тек гуманитарлық шара емес, моральдық міндет. Біз соғыстың ортасында туған балалардың болашағын қорғаймыз және қирандылар арасындағы үмітті өшірмейміз, — деді ЮНИСЕФ-тің Палестина мемлекеті бойынша арнайы өкілі Джонатан Вейтч. 

Науқан барысында ЮНИСЕФ Газа секторына вакцина мен медициналық жабдықтар және тағамдық қоспалардың 11 түрін жеткізеді. Екпе егу жұмыстары Газа секторы бойынша 149 денсаулық сақтау мекемесі мен 10 мобильді бөлімше арқылы жүргізіледі.

Перейти к новостям спорта