Жарияланды: 470

БҰҰ кірген 2013 жылды Су ресурстары саласындағы дүниежүзілік ықпалдастық жылы деп жариялады

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 2013 жылды Тәжікстан (2010 жылы) көтерген ұсыныс бойынша,

Су ресурстары саласындағы дүниежүзілік ықпалдастық жылы деп жариялады. Бұл туралы РБК хабарлады. 2013 жылдың 26-31 тамызында Стокгольмде ЮНЕСКО мен «БҰҰ - Су ресурстары» бөлімшесінің ұйымдастыруымен Дүниежүзілік су апталығы өтеді. Айта кетейік, сарапшылардың бағалауынша, бүгінгі күні Жер шарындағы 3 млрд. адам ішуге жарамды судың тапшылығын көріп отыр және бұл сан 2050 жылға қарай әлем халқының саны 9 млрд. адамға жетеді деген болжамдарға қарағанда, тек өсе түседі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін