БҰҰ Конвенциясының нормаларын қолдануға қатысты семинар-тренинг өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ Конвенциясының нормаларын қолдануға қатысты семинар-тренинг өтеді

БҰҰ Конвенциясының нормаларын қолдануға қатысты семинар-тренинг өтеді

Астанада 15-17 маусым аралағында Бас прокуратураның 7-ші Департаменті және Бас прокуратура институты ЕҚЫҰ Орталығымен бірлесе отырып БҰҰ Азаптауға қарсы конвенциясының нормаларын қолдану және ұстаудағы, қылмыстық жазасын өтеу үшін қамауға алынған тұлғалардың құқығының сақталуын қадағалауды жетілдіру мәселелері бойынша семинар-тренинг өткізеді. Шараға облыс прокурорының орынбасарлары мен өңірлік прокурорлар көмекшілері қатысатын болады.

  • 14 Маусым 2011
  • 548
Фото - Caravan.kz

Семинар-тренинг бағдарламасына сәйкес алғашқы екі күн ЕҚЫҰ сарапшыларының қатысуымен БҰҰ азаптауға қарсы конвенциясы нормаларының қолданылуы мәселелері қаралады. Ал, шараның соңғы үшінші күні ұсталған, қамауға алынған және жазасын өтеп жатқан тұлғалардың құқығын қорғауды қадағалауда құқық қолдану тәжірибесінің мәселелерін талқылау жоспарланып отыр. Семинарда аясында қаралатын тақырыптардың өзектілігі ескеріле отырып, 7-ші Департамент басшылығы жедел қызметкерлер және облыс прокуратурасы мен аудандық сатыдағы жекелеген басшылардың баяндамаларының тақырыптары белгіленген.

Тренинг жұмысына тыңдаушы ретінде облыс прокурорларына жетекшілік ететін орынбасарлар, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары прокурорларының аға көмекшілері, Бас әскери және Көлік прокурорлары, сонымен бірге Астана, Алматы қалалары мамандандырылған прокурорлары, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан прокурорларының көмекшілері қатысады. Сарапшы ретінде Латвия прокуроры, сонымен бірге ЕҚЫҰ-ның өңірлік өкілі А.Арутюнян шараға қатысуға келісімін берген.

Соңғы жаңалықтар