БҰҰ мемлекеттердің тұрақты дамуына өз іс-қызметінде басымдық беруге тиіс - Қазақстан президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 508.3
  • 592.17
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ мемлекеттердің тұрақты дамуына өз іс-қызметінде басымдық беруге тиіс - Қазақстан президенті

БҰҰ мемлекеттердің тұрақты дамуына өз іс-қызметінде басымдық беруге тиіс - Қазақстан президенті

БҰҰ мемлекеттердің тұрақты дамуына өз іс-қызметінде басымдық беруге тиіс. Бүгін, 5-шілдеде Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мемлекет басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 5 Шiлде 2005
  • 537
Фото - Caravan.kz

Н.Назарбаевтың пайымдауынша, БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне «тың мәртебе беру қажет». Қазақстан жағы БҰҰ ядролық қару таратпау ісіне өлшеусіз үлес қоса алар еді деген пікірде, деді президент. «Өкінішіке орай ядролық қару таратпау жөніндегі келісім ядролық қарудың лаңкестер қолына түспейтіндігіне кепілдік бере алмай отыр»,- деді Н.Назарбаев.

«Ал БҰҰ-ың реформалау мәселесіне келсек, ол бүкіл дүниежүзін топтастыруға бағытталуы тиіс. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесін реформалауға қатысты пікір қайшылықтары мемлекеттердің бір-бірінен ірге ажыратып, алшақтап кетуіне түрткі болына жол беруге және дүнижүзілік қауымдастықтың онсыз да оңып тұрмаған ынтымақ-бірлігіне іріткі салуға жол беруге болмайды»,- деп мәлімдеді Қазақстан президенті.
«БҰҰ Бас ассамблеясының мәртебесі мен ролін арттыру қажет. Ол халықаралық қарым-қатынастарды демократияландыруға түрткі болатыны сөзсіз»,- деді Н.Назарбаев. Қазақстан лидерінің пайымдауынша, «қазіргі заманда мемлекеттердің ішкі ісіне араласуға жол берілмеуге тиіс. Және халықаралық сахнада бір елдің басым тұүсуі мүмкін емес». «БҰҰ бас хатшысының жанында аймақтық ұйымдар ісі жөніндегі кеңес құратын мерзім жетті»,- деді Қазақстан мемлекет басшысы.

Перейти к новостям спорта