БҰҰ Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне жіберілетін қайырымдылық көмектерге бақылау жасау жүйесін құрмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне жіберілетін қайырымдылық көмектерге бақылау жасау жүйесін құрмақшы

БҰҰ Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне жіберілетін қайырымдылық көмектерге бақылау жасау жүйесін құрмақшы

БҰҰ табиғаттың оқыс мінезінен зардап шеккен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне жіберілетін қайырымдылық көмектерге бақылау жасау жүйесін құрмақшы. Бұл туралы "Нью-Йорк-Таймс" газетіне берген сұхбатында БҰҰ бас хатшысының қайырымдылық іс-әрекеттерді үйлестіру жөніндегі орынбасары Ян Эггеланд хабарлады.

  • 11 Қаңтар 2005
  • 492
Фото - Caravan.kz

Қаржылық есеп берудің осынау жаңа электрондық жүйесі қаржының пайдаланылу жағдайын қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде «цунамиден зардап шеккендерге қол ұшын бергісі келген әрбір азамат Интернет арқылы өз қаржысының қандай бағдарламаға, қай елге жіберілгенін анықтай алады»,- деді Я.Эггеланд.

Оның айтуынша, жүйені жобалау жұмыстарына дүниежүзінің ірі аудиторлық компаниялары ақысыз атсалысуда.
Сондай-ақ, Я.Эггеландтың айтуынша, БҰҰ Азиядағы кесапаттың зардаптарын жоюға бөлінген қаржының мақсатсыз жұмсалуын анықтауға жәрдемдесетін «шұғыл жауап беру» жүйесін де жобалау үстінде.

Перейти к новостям спорта