Бұл туралы БҰҰ-ның Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты жою бойынша күрес күні қарсаңында ұсынған жаңа баяндамасында жазылған, деп хабарлайды Қазақпарат БҰҰ-ның Жаңалықтар сайтына сілтеме жасап.
Баяндаманы «БҰҰ-әйелдер» құрылымы дайындаған. Ол 13 елде өткізілген сауалнамаға негізделген.
Сауалнама карантин кезінде үйде қамалған әйелдердің тағы бір пандемияның – зорлық-зомбылық індетінің құрбандары болғанын көрсетіп отыр. «Осы қалыптасқан кері жағдайды жою үшін бірігіп күш жұмылдыруымыз керек», — деді «БҰҰ-әйелдер» құрылымының атқарушы директоры Сима Бахус.
Сонымен қатар, зорлық-зомбылық құрбандары психикалық және эмоционалды күйзелістен 1,3 есе жиі зардап шеккені белгілі болды. Әрбір төртінші әйел пандемия кезінде өзін өзін қорғансыз сезінген. Оның басты себебі – отбасы мүшелері немесе серіктерінің тарапынан көрсетілген жыныстық және физикалық зорлық-зомбылық.
Сауалнамаға жауап берген әйелдердің 40%-ы пандемия басталғаннан бастап жалғыз қыдыруға қорқатынын мәлімдеген. Бес әйелдің үшеуі қоғамдық жерлерде жыныстық қысым көрсету жағдайларының жиілегенін айтты. БҰҰ-ның Бас хатшысы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты төмендету бағытында тиісті шаралар жасау қажеттігін айтты.