БҰҰ: Пандемия кезінде әйелдер зорлық-зомбылыққа жиі ұшыраған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ: Пандемия кезінде әйелдер зорлық-зомбылыққа жиі ұшыраған

БҰҰ: Пандемия кезінде әйелдер зорлық-зомбылыққа жиі ұшыраған

COVID-19 пандемиясы әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларының артуына әкелді. Жүргізілген сауалнама кезінде әрбір екінші әйел өзі немесе танысының отбасы мүшесі тарапынан қатыгездікке ұшырағанын айтты.

  • 25 Қараша 2021
  • 39
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы БҰҰ-ның Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты жою бойынша күрес күні қарсаңында ұсынған жаңа баяндамасында жазылған, деп хабарлайды Қазақпарат БҰҰ-ның Жаңалықтар сайтына сілтеме жасап.

Баяндаманы «БҰҰ-әйелдер» құрылымы дайындаған. Ол 13 елде өткізілген сауалнамаға негізделген.

Сауалнама карантин кезінде үйде қамалған әйелдердің тағы бір пандемияның – зорлық-зомбылық індетінің құрбандары болғанын көрсетіп отыр. «Осы қалыптасқан кері жағдайды жою үшін бірігіп күш жұмылдыруымыз керек», — деді «БҰҰ-әйелдер» құрылымының атқарушы директоры Сима Бахус.

Сонымен қатар, зорлық-зомбылық құрбандары психикалық және эмоционалды күйзелістен 1,3 есе жиі зардап шеккені белгілі болды. Әрбір төртінші әйел пандемия кезінде өзін өзін қорғансыз сезінген. Оның басты себебі – отбасы мүшелері немесе серіктерінің тарапынан көрсетілген жыныстық және физикалық зорлық-зомбылық.

Сауалнамаға жауап берген әйелдердің 40%-ы пандемия басталғаннан бастап жалғыз қыдыруға қорқатынын мәлімдеген. Бес әйелдің үшеуі қоғамдық жерлерде жыныстық қысым көрсету жағдайларының жиілегенін айтты. БҰҰ-ның Бас хатшысы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты төмендету бағытында тиісті шаралар жасау қажеттігін айтты.


Соңғы жаңалықтар