БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 20 тәлібті «қара тізімнен» шығаруды көздеп отыр
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жақын күндері ауғанның радикалды «Талибан» қозғалысының бұрынғы 20 командиріне қатысты халықаралық санкциялардың күшін жою мәселесін қарастырмақ. Дипломаттардың айтуынша, бұл Ауғанстан билігінің тәлібтермен бітімге келу жөніндегі жоспарының бір бөлігі болып табылады. «Қара тізімге» «әл-Каиданың» 245 өкілі мен «Талибан» қозғалысының 135 өкілі енген. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін