БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің контртеррорлық комитеті лаңкестікпен күрес шараларының жоспарын әзірледі - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің контртеррорлық комитеті лаңкестікпен күрес шараларының жоспарын әзірледі

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің контртеррорлық комитеті лаңкестікпен күрес шараларының жоспарын әзірледі

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің контртеррорлық комитетінің отырысында лаңкестікпен күреске бағытталған болашақ іс-шаралардың жоспары қаралып, бекітуге ұсынылады. Бұл туралы бүгін, 26-қаңтарда Алматыда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің контртеррорлық комитетінің арнаулы төртінші отырысының ашылуында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің контртеррорлық комитетінің атқарушы директоры Хавьер Руперес хабарлады.

  • 26 Қаңтар 2005
  • 444
Фото - Caravan.kz

Х.Руперестің айтуынша, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің контртеррорлық комитеті бұл құжатпен бірге БҰҰ-ның 2004-жылғы 12-наурыздағы Вена декларациясының негізінде Кеңестің бірлескен мәлімдемесін әзірледі. Атап айтсақ, құжаттарда «лаңкестікпен күрес әлеуетін арттыруға, лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күрес шараларын қабылдауға, қару-жарақ пен қауіпті материалдардың заңсыз айналымымен күреске, әуежайлар, теңіз айлақтары мен шекаралардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге» бағытталған ұсыныстар бар.

Перейти к новостям спорта