«Кейінгі беймаза оқиғаларды ескергенде ақырғы нәтижеге қол жеткізу үшін мұндай кездесулердің өзектілігі арта түспек»,- деп мәлімдеді БҰҰ бас хатшысының сьезге қатысушыларға жолдаған жолдауын оқып танытсрған С.Орджоникидзе.
«Сіздер өзгерістердің қуатты құралына айнала аласыздар, сіздер адамдарды қоғамға қызмет ету мен жаңаша міндеттемелер алудың жоғары деңгейіне көтерілуге ынталандыра аласыздар, сіздер санасыздық, қорқыныш пен түсініспеушіліктің бос кеңістігін толтыра аласыздар, сіздер дінаралық диалог пен ынтымақтастықтың үлгі-өнегесі бола аласыздар. Сіздер біріге отырып діндарларға ұстамдылық жолын құруға көмектесіп, олардың өз сенім-нанымына адалдық сақтай алатынына сендіре аласыздар»,- деді ол конфессия жетекшілеріне арнаған сөзінде.
С.Орджоникидзе әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерін «диалог пен бейбіт қатар өмір сүру идеясын» діни қоғамдастықтар арасында таратуға шақырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті