БҰҰ Қазақстан үшін СПИД-пен күрес қорынан 22,5 млн АҚШ долларын бөлді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ Қазақстан үшін СПИД-пен күрес  қорынан 22,5 млн АҚШ долларын бөлді

БҰҰ Қазақстан үшін СПИД-пен күрес қорынан 22,5 млн АҚШ долларын бөлді

БҰҰ Қазақстан үшін СПИД-пен күрес қорынан 22,5 млн АҚШ долларын бөлді. Ол алдағы бес жылда игерілуі тиіс. Бұл туралы KZ-today тілшісіне сенаттың баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 11 Наурыз 2004
  • 798
Фото - Caravan.kz

Парламент Сенатының әлеуметтік-мәдени даму комитетінің бұрнағы күнгі кеңейтілген отырысында «Жұқтырған қорғаныш тапшылығы белгісі (СПИД) ауруының алдын алу туралы » Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралды.

Бұған дейін «СПИД ауруының алдын алу туралы» заң 1994 жылы қабылданған. Бұл заңға енгізілетін өзгерістердің мақсаты ВИЧ инфекциясын жұқтырғандардың тегін емделуге мүмкіндігі және ақысыз дәрі-дәрмектік көмек алуы, әрі әлеуметтік қорғалуы, сондай-ақ, ВИЧ инфекциясын жұқтырған адамдардың құқықтарын регламенттеу болмақ.
ҚР денсаулық сақтау министрінің орынбасары Анатолий Белоногтың айтуына қарағанда, биылғы жылдың 1-ші қаңтарына дейінгі мәліметтер бойынша ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар 4001 адамға жеткен. Олардың 153-і СПИД-пен ауыратындар. Қазақстанда 1987 жылдан бері СПИД-тен 123 адам қайтыс болған. Өткен жылы ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар 746 адамды құраған. Бұл 2002 жылға қарағанда 11 адамға көп . Республикамыздың Қарағанды, Павлодар облыстары індетті жұқтырғандар санымен алда келе жатса, Қостанай облысы мен Алматы қаласында да дертке шалдығу жиі кездесуде. Олардың арасында 20 мен 30 жас аралағындағы жастардың үлесі 72,9 пайыз болып отыр. ВИЧ инфекциясын жұқтырғандардың 80 пайыздан астамы нашақорлар.
Жалпы әлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының мәліметтеріне келсек, дүниежүзінде ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар 40 миллион адамға жетеді. СПИД-тен және ВИЧ инфекциясынан 20 миллион адам қайтыс болған. Тек өткен жылы 3 миллион адам СПИД-тен өлген. Әлемде бұл аурудан күніне 8 мыңдай адам қайтыс болатын көрінеді.

Соңғы жаңалықтар