БҰҰ Қазақстанның Киотто хаттамасының «Б» қосымшасына қосылу мәселесін қарастырады - вице-министр М.Ысқақов - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ Қазақстанның Киотто хаттамасының «Б» қосымшасына қосылу мәселесін қарастырады - вице-министр М.Ысқақов

БҰҰ Қазақстанның Киотто хаттамасының «Б» қосымшасына қосылу мәселесін қарастырады - вице-министр М.Ысқақов

Биыл Біріккен Ұлттар Ұйымында Қазақстанның Киотто хаттамасының «Б» қосымшасына қосылу мәселесі талқыланады.

  • 31 Қазан 2012
  • 337
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанадағы конференцияда ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Марлен Ысқақов мәлім етті.

«Қарашаның соңында біз Доха қаласына барып, ол жақта климаттың өзгеруі бойынша өтетін Біріккен Ұлттыр Ұйымы хатшылығының отырысына қатысамыз. Онда Қазақстанның Киотто хаттамасының «Б» (ағыл.«В») қосымшасына қосылу мәселесі талқыланатын болады», — дейді М.Ысқақов.

Вице-министр атап көрсеткендей, аталған қосымшаға қосылған кезде, Қазақстан қоршаған ортаға шығарылатын көмір қышқыл газдардың көлемін барынша төмендету міндетін қабылдайды. «Қазіргі кезде біз Киотто хаттамасының «А» қосымшасына қосылып, 1992-2020 жылдар аралығында көмір қышқыл газдардың көлемін 15 пайызға дейін төмендетуге міндетпіз. Алайда «Б» қосымшасына қосылмағандар «А» тармағының міндеттерін орындамаса да болады. Сондықтан бізге «Б» қосымшасына қосылу аса қажет», — дейді М.Ысқақов.

Соңғы жаңалықтар