БҰҰ РФ өкілі биоотын өндіруге көшудің кері әсерлеріне назар аударды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ  РФ өкілі биоотын өндіруге көшудің кері әсерлеріне назар аударды

БҰҰ РФ өкілі биоотын өндіруге көшудің кері әсерлеріне назар аударды

Алматы. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ресейдің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы өкілі Дмитрий Максимичев БҰҰ тұрақты даму комиссиясының 16 сессиясында биоотын өндіруге көшудің кері әсерлеріне назар аударды, деп хабарлайды агенттік БҰҰ ақпарат орталығына сілтеме жасай отырып.

  • 19 Мамыр 2008
  • 443
Фото - Caravan.kz

Д. Максимичев мәлімдегеніндей, ауылшаруашылығы әлемдегі кедейшіліктің көлемін қысқарту және тұрақты даму басымдықтары құралдарының бірі болып қала береді. Ол атап өткеніндей, ауылшаруашылық шикізаттары мен азық-түлік бағаларының күрт өсуі бірқатар мемлекеттердің әлеуметтік экономикалық тұрақсыздығына әкелу мүмкіндігі комиссияда талқыланып отырған мәселенің өзекті екендігін дәлелдеп отыр.

Ресей өкілдігі атап өткеніндей, дағдарыс «биоотын өндіруге қарқынды бет бұру азық-түлік қауіпсіздігі үшін кері әсер ету мүмкіндігі жөніндегі бірқатар елдердің, соның ішінде Ресейдің ұстанымының негізді екенін көрсетті».

Д. Максимичев атап өткеніндей, ауылшаруашылықтың тұрақты дамуына қол жеткізу үшін еңбек өндірісі мен тиімділігін көтеріп, ауылдық аудандардың әлеуметтік және тұрғын үй коммуналдық инфрақұрылымын, сондай-ақ табиғатты орынды пайдалану қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті