БҰҰ санкциясы алынған соң Иран ШЫҰ-ға кіруге ниетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ санкциясы алынған соң Иран ШЫҰ-ға кіруге ниетті

БҰҰ санкциясы алынған соң Иран ШЫҰ-ға кіруге ниетті

БҰҰ санкциясын алып тастағаннан кейін бірден Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына кіру өтінімі қаралады. Бұл туралы халықаралық ұйымның бас хатшысы Дмитрий Мезенцев хабарлады.

  • 29 Желтоқсан 2015
  • 467
Фото - Caravan.kz

«ШЫҰ құрылған бастапқы кезеңде БҰҰ санкциясындағы ел  толыққанды мүше мәртебесін алмайтын жағдай белгіленді. Ұйым санкцияны алып тастау үшін қажетті заңдық рәсімдер  барынша жылдам іске асырылу үшін ирандық ядролық бағдарлама бойынша жұмыстарды толық аяқтауда бұл елге табыс тіледі», — деген Мезенцевтің сөзін келтірді РИА Новости.

ШЫҰ-ға  Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді. Беларусь, Моңғолия, Үндістан, Иран, Пәкістан және Ауғанстан елдері қадағалаушылық мәртебеге ие.


Соңғы жаңалықтар