Caravan Logo

БҰҰ жеті қызметкері коронавирустан қайтыс болды

БҰҰ жеті қызметкері коронавирустан қайтыс болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы видеоконференция барысында БҰҰ бас хатшысының өкілі Стефан Дюжаррик айтты.

"Бізге БҰҰ жүйесінде 520 қызметкердің коронавирус жұқтырғанын хабарлады. АҚШ-та 147 жағдай тіркелді, оның 78-і Нью-Йоркте. Өлім көрсеткішіне келетін болсақ, өкінішке қарай, олардың саны 7-ге жетті", - деді БҰҰ бас хатшылығының өкілі.


Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 4,8 миллионға таяды. Олардың 70 пайызы АҚШ, Ресей, Бразилия, Ұлыбритания, Испания, Франция, Германия, Түркия және Иранда тіркелген екен.