БҰҰ зілзаладан зардап шеккен Қытайдың тұрғындарына көмек көрсету үшін $7 млн бөлді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ зілзаладан зардап шеккен Қытайдың тұрғындарына көмек көрсету үшін $7 млн бөлді

БҰҰ зілзаладан зардап шеккен Қытайдың тұрғындарына көмек көрсету үшін $7 млн бөлді

Алматы. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - БҰҰ зілзаладан зардап шеккен Қытайдың тұрғындарына көмек көрсету үшін $7 млн бөлді.

  • 19 Мамыр 2008
  • 484
Фото - Caravan.kz

Бөлінген қаржы Қытай тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетуге қатысатын БҰҰ қор жүйелері мен мекемелерінің жобаларын қаржыландыру үшін пайдаланылады. БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) шатырларды, көрпелерді және оқушыларға арналған құралдарды жіберді.

ЮНИСЕФ сондай-ақ, зардап шеккен аудандарға таза ауыз су, санитарлық және медициналық заттарды дайындап жатыр. Әлемдік азық-түлік бағдарламасы Қытайға бір аптада 120 мың адамды тамақтандыруға жететін макорон өнімдерін жібереді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті