БҰҰ-да Назарбаев Қазақстанның жетістіктерін тізіп берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ-да Назарбаев Қазақстанның жетістіктерін тізіп берді

БҰҰ-да Назарбаев Қазақстанның жетістіктерін тізіп берді

Назарбаев Біріккен Ұлттар ұйымының мінберінде тұрып, Қазақстанның бағындырған ең негізгі жетістіктерін тізіп берді.  Дүниежүзінің саяси элитасы жиналған Бас Ассамблеяда сөз сөйлеген Елбасы ішкі жалпы өнімнің 19 есе өсіп, ал кедейшілктің 11 есеге азайғанын айтты.

  • 29 Қыркүйек 2015
  • 402
Фото - Caravan.kz

Назарбаев өз баяндамасында, Қазақстан тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы артып, ана мен бала өлімі азайғанын мәлімдеді. Алайда, бүкіл әлемнің президенттері келген Біріккен ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында, әлеуметтен гөрі, шиеленісіп тұрған геосаяси ахуал қызу талқылануда. Әсіресе, Сирия мен Украина мәселесі. Бұл тақырыпқа келгенде Батыс пен Ресейдің арасындағы тартыс күшейіп тұр. Бір-бірін ашық айыптап отырған тараптар ортақ келісімге келген жоқ. Ал күллі шартараптың назары ауған жиында Назарбаев тағы бірнеше тың бастамалар көтеріп, әлемнен Арал теңізіне араша түсуді сұрады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Жойылып  бара жатқан Арал теңізі Орта Азияға ғана емес, бүкіл әлемге қауіп төндіріп отыр. Теңіздің тартылуы кесірінен жыл сайын 75 миллион тоннаға дейін шаң мен улы тұзды жел көтеріп, қазірдің өзінде Еуропа мен Антарктидадан табылып жатыр. Бұл экологиялық түйткілді шешу үшін үлкен көмек қажет.

Соңғы жаңалықтар