БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитеті Қазақстандағы адам құқықтары бойынша жағдайды 14 шілдеде тікелей эфирде қарайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитеті Қазақстандағы адам құқықтары бойынша жағдайды 14 шілдеде тікелей эфирде қарайды

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитеті Қазақстандағы адам құқықтары бойынша жағдайды 14 шілдеде тікелей эфирде қарайды

БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комитеті Қазақстандағы адам құқықтары бойынша жағдай туралы есепті алғаш рет on-lineрежимде қарайды,деп хабарлайды Жоғарғы комиссардың адам құқықтары жөніндегі басқармасы.

  • 13 Шiлде 2011
  • 754
Фото - Caravan.kz

Ақпаратқа сәйкес, бейсенбі күні сағат 19-дан 22-ге дейін БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комитетінің сессияларында БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комитеті мен Қазақстанның адам құқықтарын насихаттау және қорғау мәселелері жөніндегі делегацияны құрайтын 18 тәуелсіз сарапшының диалогы өтеді. Қазақстанға арналған трансляцияны on-line режимде http://www.ustream.tv/channel/un-human-rights-committee бойынша көруге болады.

Қазақстан үкіметі мемлекеттің адам құқықтары жөніндегі міндеттерін орындауы туралы өзінің алғашқы есебін комитетке тапсырды. Республиканың үкіметтік емес ұйымдары да өз есебін комитетке ұсынды.

«Адам құқықтары саласындағы негізгі халықаралық келісімдердің бірі — азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге қосылған 167 елдің бірі ретінде Қазақстан БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комитетінің республикадағы адам құқықтарына қатысты жағдайды қарау процедурасынан жүйелі түрде өтуге тиіс», — делінген ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар