БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымының бас директоры ресми сапармен елімізге келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымының бас директоры ресми сапармен елімізге келеді

БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымының бас директоры ресми сапармен елімізге келеді

12-13-тамызда БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымының бас директоры Жак Диуф ресми сапармен елімізге келеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 11 Тамыз 2004
  • 2272
Фото - Caravan.kz

Жоспарлы бағдарлама аясында Ж.Диуф Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, ҚР үкімет басшысының орынбасарлары Ахметжан Есімовпен және Бірғаным Әйтімовамен жүздеседі. Сондай-ақ, ол Президенттің мәдениет орталығы, «Астана бас жоспары» ҚКК, «Бәйтерек» және «Думан» кешендерінде болады.

Алдағы сапар барысында БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымының бас директоры Орталық Азия аймағында ауылшаруашылығын дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқыламақшы. Сондай-ақ, ол азық-түлік қауіпсіздігі саласы бойынша бірлескен жобалар мен халықаралық бағдарламаларды қолданысқа енгізу, кедейлікпен күрес, арнаулы аумақтарды қорғау, Алматыда БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымының (ФАО) аймақтық кеңсесін ашу жайтарын талқыға салмақшы.
БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымы (ФАО) 1945-жылдың 16-қазанында Квебек қаласында құрылған. Қазіргі жағдаймен ФАО БҰҰ жүйесіндегі ең ірі мамандандырылған агенттік болумен бірге жалпы ауылшаруашылығы, орман және балық шаруашылығы, ауылдық аймақтарды дамыту саласындағы жетекші агенттіктердің бірі болып табылады.
Үкіметаралық ФАО ұйымына 184 мемлекет енеді. Қазақстан бұл ұйымға 1996-жылдың қараша айында мүшелікке өткен.
Өзара ынтымақтастық мерзімінде ФАО елімізге ауылшаруашылығын дамыту саласында шегірткемен күрес, аграрлық саясатты қалыптастыру, топырақ қорғау егін шаруашылығы және топырақ қорғау технологиясын пайдалану, таулардағы агробиологиялық түрлер мен сулы-батпақты алқаптарды сақтау, генетикалық ресурстарды жинау, Каспий теңізіндегі бекіре тұқымдас балықтарды басқару жүйесін жетілдіру, орман шаруашылығы мен хайуанаттар дүниесін қорғау жөніндегі нормативтік құжаттар жобасын жасау саласында техниалық көмек көрсетті.

Перейти к новостям спорта