БҰҰ-ның Даму бағдарламасы мен ҚР үкіметі бірлесіп елімізде жел энергетикасын дамыту жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ-ның Даму бағдарламасы мен  ҚР үкіметі бірлесіп елімізде жел энергетикасын дамыту жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр

БҰҰ-ның Даму бағдарламасы мен ҚР үкіметі бірлесіп елімізде жел энергетикасын дамыту жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр

9-желтоқсанда Астанада БҰҰ-ның даму бағдарламасы мен ҚР үкіметі бірлесе отырып, елімізде жел энергетикасын дамыту жобасының тұсаукесерін өткізеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне БҰҰ даму бағдарламасынан хабарлады.

  • 30 Қараша 2004
  • 567
Фото - Caravan.kz

Тұсаукесер шарасының барысында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник, БҰҰ Даму бағдарламасының Шығыс Еуропа және ТМД аймақтық кеңсесінің өкілі Владимир Литвак, БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілінің орынбасары Гордон Джонсон мен жоба жетекшілері сөз сөйлейді.

Үш жылға есептелген жоба үкіметке жел энергетикасын дамыту жөніндегі Ұлттық бағдарлама жобасын жасауға, сондай-ақ, қажетті база қалыптастырып, жел энергетикасы саласындағы жобаларға салынатын болашақ инвестициялар үшін тәуекелді азайтуға дайындық мақсатымен қуаты 5 МВт-қа тең, жел қуатымен жұмыс істейтін тұңғыш электр станциясының құрылысын салуға қол ұшын беруді көздейді.
Жобаны жүзеге асыру мақсатына Ғаламдық экологиялық қор 2,5 млн. доллар бөлді, ал жеке инвесторлар 4 млн. доллардан астам инвестиция салады деп күтілуде. Жобаның атқарушы агенті ролін ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі атқарады.

Перейти к новостям спорта