Оның айтуынша, БҰҰ-ның Даму бағдарламасы бұл қаржыны Көкшетау облысындағы Наурызым және Қарағанды және Ақмола облыстарының шекарасындағы Қорғалжың сынды екі бірегей қорықты сауықтыруға бағыттамақшы. Бұл қаржыға қорықтарды қорғау жүйесі мен ғылыми іс-қызмет қалпына келтіріледі. Сондай-ақ, Қорғалжың қорығының негізінде қорықтың жан-жануарлар аймағы өкілдерінің санын толықтыру үшін арнайы биорезерват құру жоспарланып отыр.
Қорғалжың қорығында болашақ тағдыры мамандардың алаңдаушылығын тудыра бастаған күлгін фламинго және бірқазан тәрізді сирек кездесетін құстар мен хайуандар мекен етеді.