Жарияланды: 380

БҰҰ-ның жанындағы ҚР өкілі жуырда Қазақстан қосылған Халықаралық пактілердің түпнұсқасына қол қойды

БҰҰ-ның жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі Ержан Қазыханов азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі Халықаралық пакт мен экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі Халықаралық пактілердің түпнұсқасына қол қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады.

Қазақстан аталмыш құжаттарға қараша айының соңында қол қойып, мемлекет басшысының тиісті жарлықтары шықты. Қол қою салтанаты барысында Қазақстан жағы БҰҰ-ның құқықтық мәселелер жөніндегі кеңсесінің басшылығына халықаралық құжаттарды бекіту барысында олардың мәтініне ұлттық заңнамаларға сәйкес тиісті ескерту түсініктемелер енгізу құқығын сақтап қалатынын хабарлады. СІМ-нің хабарламасында атап көрсетілгеніндей, республикада адамдардың жынысына, этникалық немесе діни көзқарасына қарамастан адам құқығы мен негізгі бостандықтарын құрметтеуді қамтамасыз етуге баса назар аударылады. Сол себепті халықаралық құжаттарға қол қою - адам құқығы мен бостандығын, демократияны дамытуға бет бұрған Қазақстанның басты бағдарын одан әрі жалғастыру болмақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін