БҰҰ-ның жанындағы ҚР өкілі жуырда Қазақстан қосылған Халықаралық пактілердің түпнұсқасына қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ-ның жанындағы ҚР өкілі жуырда Қазақстан қосылған Халықаралық пактілердің түпнұсқасына қол қойды

БҰҰ-ның жанындағы ҚР өкілі жуырда Қазақстан қосылған Халықаралық пактілердің түпнұсқасына қол қойды

БҰҰ-ның жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі Ержан Қазыханов азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі Халықаралық пакт мен экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі Халықаралық пактілердің түпнұсқасына қол қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады.

  • 4 Желтоқсан 2003
  • 369
Фото - Caravan.kz

Қазақстан аталмыш құжаттарға қараша айының соңында қол қойып, мемлекет басшысының тиісті жарлықтары шықты.

Қол қою салтанаты барысында Қазақстан жағы БҰҰ-ның құқықтық мәселелер жөніндегі кеңсесінің басшылығына халықаралық құжаттарды бекіту барысында олардың мәтініне ұлттық заңнамаларға сәйкес тиісті ескерту түсініктемелер енгізу құқығын сақтап қалатынын хабарлады.
СІМ-нің хабарламасында атап көрсетілгеніндей, республикада адамдардың жынысына, этникалық немесе діни көзқарасына қарамастан адам құқығы мен негізгі бостандықтарын құрметтеуді қамтамасыз етуге баса назар аударылады. Сол себепті халықаралық құжаттарға қол қою — адам құқығы мен бостандығын, демократияны дамытуға бет бұрған Қазақстанның басты бағдарын одан әрі жалғастыру болмақ.

Соңғы жаңалықтар