Естеріңізге сала кетейік, 18 мамамырда «Ертіс» — «Спартак» 12-ші ойынынан кейін «Ертіс» ФК жетекшілері Халимжан Ержанов пен Болат Ысқақовқа олар жалға алған пәтердің подъезінде шабуыл жасаған. Жеделсатыдан шыққан кезде оларды бетперде киген белгісіз біреулер соққыға жыққан. Салдарынан бас сүйегі ауыр зақымданған Б.Ысқақов ауруханаға жеткізілді. Оған дереу ота жасалды.
Шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.