Бұзылатын үй иелері әкімшілік ресурс пен инвесторлардың топтасуына қарсы бірігуге дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бұзылатын үй иелері әкімшілік ресурс пен инвесторлардың топтасуына  қарсы бірігуге дайын

Бұзылатын үй иелері әкімшілік ресурс пен инвесторлардың топтасуына қарсы бірігуге дайын

АЛМАТЫ. 24-қаңтар. Kazakhstan Today. Бұзылатын үйлер мен пәтерлердің иелері шарасыздықтан әкімшілік ресурс пен инвесторлардың топтасуына қарсы бірігуге дайын, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 24 Қаңтар 2007
  • 341
Фото - Caravan.kz

«Біз сияқты қарапайым азаматтар әкімшілік ресурс пен қалталы инвесторлардың күш бірікетіре топтасуына қарсы бірігуге мәжбүрміз, әйтпесе бізді жеке-жеке таптап тастайды», — деп мәлім етті дүйсенбі күні Алматыда өткен баспасөз мәслихатында үйі бұзылатындардың қатарындағы Петр Зайченко. «Басқа амалымыз жоқ. «Алматыжер» компаниясында істейтін мырзалардың өзі бізді бірігуге итермелеп отыр. Олар бізге қаладан бұралқы иттей айдап тастамай тұрғанда бірігіңдер дегенді меңзейтіндей. Біз сол себепті бірігуге мәжбүрміз»,- деді ол.

П. Зайченконың сөзіне сүйенсек, «Алматжер» мен инвесторлардың келісімге келуінің нәтижесінде «Алматыжерге» тиесілі қуатты мемлекеттік ресурс пен инвесторға тиесілі ауқымды қаржы қосылып отыр». «Және де барлық күш, барлық консолидация меншік иелеріне қарсы бағытталған, жасыратыны жоқ, олардың барлығы бірдей бай емес және де бәрі дерлік өздерін қорғай алмайды»,- деді ол. «Осы жерде мемлекет, парламент, жаңа үкімет қайда қарап отыр, неге ешқандай шара қолданылмайды»,- деп наразылығын білдірді П. Зайченко.

Меншік иелерінің пікірінше, коммуналдық кәсіпорын жер телімдерін тәркілеп алу үшін заңға қайшы психологиялық әсер ету әдісін қолданады. «Алматыжер» қолданып отырған осындай психологиялық әсер ету әдісіне тіпті жалдамалы жаналғыштар да қызыға алар еді»,- дейді меншік иесі Светлана Рябых. Оның қарт әкесі «Алматыжер» компаниясының «жүйелі түрде жасалған моральдық қыспағынан» кейін жүрегі тоқтап, қайтыс болған. Светлананың сөзіне сүйенсек, оның әкесі Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Анисимовқа бір жылдай қысым көрсетілген. «Ол ұлтарақтай жер үшін бірте-бірте төпелей берген соң төзбей о дүниелік болды», — дейді ардагердің қызы.

Алматыдағы кең ауқымды құрылысқа байланысты көптеген үйлер, соның ішінде қала орталығындағы үйлер де бұзылмақ. Меншік иелеріне пәтердің нақты бағасына сай емес төлемақы ұсынылып отыр, сондықтан да адамдар өз үйлерін сатудан бас тартуда.

«Алматыжер» мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі уақытта қалада жалпы алаңы 3 мың гектар жер телімін тәркілеп алу белгіленген. Қазір 300-ден астам учаскеде мемлекеттік қажеттілік үшін жер телімдерін алуға қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта