Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды - kaz.caravan.kz
  • $ 482.33
  • 557.57
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады

  • 17 Қараша 2025
  • 9
ФОТО: freepik

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«2025 жылдың 17 қарашасында Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Алматы, Астана, Қарағанды, Жезқазған,Теміртау, Балқаш, Өскемен, Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.