Бүгін елімізде аяз күшейеді - Қазгидромет - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін елімізде аяз күшейеді - Қазгидромет

Бүгін елімізде аяз күшейеді - Қазгидромет

Синоптиктер 2024 жылғы 17 желтоқсанға арналған синоптикалық жағдай мен Қазақстандағы қолайсыз ауа райына қатысты болжаммен бөлісті

  • 17 Желтоқсан 2024
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазгидромет-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Солтүстік циклон, сондай-ақ онымен байланысты атмосфералық фронттар салдарынан Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, солтүстік-батыста қар жауады», — деп хабарлайды»Қазгидромет» РМК.

Еліміздің қалған бөлігінде антициклонның беті қайтып, жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.  Республикамыз бойынша сипат алатын ортақ табиғи құбылыс — желдің күшеюі, солтүстік-батыста боран, тұман, батыста, солтүстік-батыста көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде солтүстік, орталық өңірлерде, сондай-ақ Жетісу облысының таулы аудандарында, Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында күн аяздап, 25-28 градус қатты суық болады деп күтіледі.

Астанада аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: -13…-15°С, күндіз: -8…-10°С.

Алматыда аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Арасында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні  — 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -16…-18°С, күндіз: -5…-7°С.

Шымкентте аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні — 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: -15…-17°С, күндіз: 0…-2°С.

Перейти к новостям спорта