Бүгін - медицина қызметкері күні - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+18 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін - медицина қызметкері күні

Бүгін - медицина қызметкері күні

Бұл күнді атап өту ҚР Президентінің 1998 жылғы Жарлығымен белгіленді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап. Осыға

  • 15 Маусым
  • 3
Коллаж: Kazinform; Gov.kz

Бұл күнді атап өту ҚР Президентінің 1998 жылғы Жарлығымен белгіленді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.

Осыған орай Ақордада Мемлекет басшысы еліміздің медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. 

Президенттің Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға елеулі үлес қосқан мамандар марапатталды.

– Расында, дәрігер болу – жүректің ісі. Бұл – екінің бірі аяқ баса бермейтін жүгі ауыр, күрделі жұмыс. Медицина қызметкерлері – ұлт саулығының сақшылары, ең қадірлі мамандық иелері. Әсіресе, жаһандық індет, яғни ковид кезінде бүкіл ел дәрігерлердің адал қызметіне куә болды. Күрделі кезеңде медицина мамандары мыңдаған адамды құтқарып қалды. Біз абзал жандардың табанды еңбегін бағалаймыз. Олардың қайсарлығын мақтан тұтамыз. «Бір адамның өмірін құтқару барша адамзатты құтқарумен бірдей». Дәрігерлер ота кезінде, аурухана палатасында күн сайын ерлік жасайды десек, артық болмайды. Жедел жәрдем көлігінде адам өміріне араша түсетін сәттер болады. Сондықтан сіздер, құрметті медицина қызметкерлері, бейбіт күннің батырлары деген атқа лайықсыздар. Мен барша медицина мамандарына зор ризашылығымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бүгінде еліміздің денсаулық сақтау саласында 380 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Әр маманның еңбегі орасан зор. Ұлт саулығын сақтауға бүкіл өмірін арнаған тұтас әулеттер бар.

Жыл сайын 45 мемлекеттен шамамен 10 мың адам Қазақстанға емделу үшін арнайы келеді. Бұл еліміздегі дәрігерлік көмектің сапасы жоғары екенін көрсетеді.

Айта кетейік, елімізде орташа өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жетті. Медициналық нысандар қатары көбейіп, техникалық базасы нығайтылып жатыр.