Бүгін – Париж Олимпиадасының 11-ші жарыс күнінде Қазақстан боксшысы Назым Қызайбай жартылай финалдық сында сайысқа түседі, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
6 тамызға арналған жарыс кестесі:
Жеңіл атлетика, 110 метрге кедергімен жүгіру. Жұбаныш кезеңі
- Давид Ефремов
- Басталуы: 13.50
Байдарка мен каноэде ескек есу. Екеулік каноэ, 500 метр (әйелдер). Іріктеу кезең, 1/4 финал
- Мария Бровкова, Руфина Искакова
- Басталуы: 14.00 (іріктеу кезең), 16.20 (1/4)
Грек-рим күресі, 77 кг (іріктеу кезеңі, жартылай финал)
- Демеу Жадраев
- Басталуы: 14.07, 21.15 (1/2)
Байдарка мен каноэде ескек есу. Екеулік каноэ, 500 метр (ерлер). Іріктеу раунд, 1/4
- Бекарыс Раматулла, Сергей Токарницкий
- Басталуы: 14.30 (іріктеу раунд), 17.30 (1/4)
Құзға өрмелеу, жылдамдық. Іріктеу
- Әмір Маймуратов
- Басталуы: 16.00
Жеңіл атлетика, 3000 метр кедергілермен (әйелдер). Финал
- Нора Джеруто
- Басталуы: 00.14
Бокс, 50 кг (қыздар). Жартылай финал
- Назым Қызайбай — Ву Ю (Китай)
- Басталуы: 01.02