"Бүгін посылать еткен адаммен ертесі дым болмағандай шәй ішіп отыра алмайды екем": Ақбота Керімбекова өзін боқтаған Динара Адам туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бүгін посылать еткен адаммен ертесі дым болмағандай шәй ішіп отыра алмайды екем": Ақбота Керімбекова өзін боқтаған Динара Адам туралы

"Бүгін посылать еткен адаммен ертесі дым болмағандай шәй ішіп отыра алмайды екем": Ақбота Керімбекова өзін боқтаған Динара Адам туралы

Танымал әнші Ақбота Керімбекова мен продюсер Динара Адам арасында бағдарламаға қатысты даулы оқиға орын алған еді.

  • 19 Қыркүйек
  • 17
Фото - Caravan.kz

Әнші орын алған жайтқа қатысты үндеу жасады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Эстрада жұлдызы болған жайтқа қатысты үндеуін өзінің желідегі парақшасында қалдырды.

«Үндеуіме қатысты өз қорытындым. Жексенбі кешіндегі “Жекпе-жекке” де, міне, бүгін 3 күн, 3 түн өтіпті. Ұлттық арна арнайы мәлімдеме жасады. Динаражан (@adam_di ) араға бәлен адам салып, шәйға шақырып, тыңдауымды, түсінісуімді сұрады. Мен “бүгін посылать еткен адаммен ертесі дым болмағандай шәй ішіп отыра алмайды екем, біз “слишком народник” болғанымызбен, намысқоймыз!”,-деп жауап бердім және онымды дұрыс деп есептеймін. ТРК-ның басқарма төрайымы Лаззат Танысбай да арнайы кездесуге шақырған екен. Оқиғаға тікелей қатысы болмаса да, ұлтқа ортақ арнаның тізгінін ұстап отырғаннан кейін, мәселеде ұлт арнасының аты аталғаннан кейін бей-жай қарай алмағаны ғой, аман болсын!

Жалпы, менің үндеуіме, оның айналасындағы мен жариялаған жазбаларға 20 мыңға жуық адамның реакциясы білдіріліп, 5 мыңға жуық адамның пікірі топтасыпты. Өз stories-теріне бөліскендердің де саны 1000-дап саналады. Бұл дегеніміз көптің көкейінде жүрген телеарна мәселесіне қоғамдық ой қозғалғанын білдіреді. Дей тұрғанмен, нақты шешім, сан-саққа жүгірген ойға тоқтам болатын нәтиже көрмедім. Әркім өз түсінгенімен ой қорытып жатыр. Жанайқайын жазып, өз ұсынысын айтып жатқандар да басым. Телеарнаның үлкен қатесі — сол халық пікірімен емес, мәселе көтерген мені шу көтерушіге айналдырумен айналысуы. Тіпті, Алаштың аға журналисті Қайнар Олжайға дейін мәселенің мейманхана тұсындағы әңгімені көлдей жазба етіп жариялап, мені мінезінен тапқанға жатқызыпты. Өзі астарлап қолдап отырған Динаражанның “иди на х*р” деген боғауызы ағайдың өзі үшін ғана емес, атыберлі журналистер үшін де қалыпты сөз екен. Мен соны көтермегенім үшін кінәлі екем. Демек, ұлттық арнада ауызға келгенді айтып, ойға түскен боғауызды боратып өмір сүре беруге болады деген сөз. Сол жазбаны оқыған бір “Facebook” қолданушы күйіп кеткен-ау, аталған жазбаға “Қайнар Олжай аға және динарашылар, иди на х*р деген сөз сіздер үшін қалыпты болса, онда өздеріңізге иди на х*р”,-деп пікір қалдырыпты. Бағасы ғой!», — деп жазды ол.