Бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 518.53
  • 588.17
+17 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот басталады

Бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот басталады

Бүгін 12:00-де Талдықорғанда Шерзат Полаттың қазасына қатысты сот басталады.

  • 10 Сәуiр
  • 9
Фото: instagram.com/kris.p.karasai

Қылмыстық істі Алматы облысының соты қарап жатқанымен, алдын ала сот тыңдауы Жетісу облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ғимаратында өтеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Жоғарғы сот мұның себебін істегі тоғыз айыпталушының (тергеу барысында барлығы 11 күдікті ұсталған) Талдықорғандағы тергеу изоляторында отырғанымен түсіндірді.

Істі судья Е.С. Жанұзақов қарайды. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады. 40 сараптама, 200-ге жуық куәгер жауабы және 8 видео тіркелген.

«Адам өлтіру», «бұзақылық», «қорқыту» және «қылмыс туралы хабар бермеу» фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істерді Алматы облысының полициясы тергеді. 

Жәбірленуші тараптың мүддесін сотта адвокат Мейірман Шекеевтің кеңсесі қорғайды. Оған Жандос Палманов, Әлім Мұстафаев, Дина Досаева, Нұрболат Ыбраев, Бағдат Амандосұлы және Бекзат Мязов сынды адвокаттар көмектеседі.

2024 жылғы 4 қазанда Алматы облысы Талғар қаласында «Қамажай» дүкені алдында қарулы жанжал болып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Полат ата-анасының көзінше пышақтап өлтірілді.

7 қазанда марқұмның туыстары аудан әкімдігінің алдына жиналып, жолды жауып, тергеудің әділ өтуін талап етті. Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов үш күннен бері жергілікті құқық қорғау орындары еш іс-әрекет жасамай, қылмыстық істі бұрмалап отыр деп мәлімдеді.