"Бүйткен мұғалімдігі құрысын": Сабақта шулаған оқушысына бор лақтырғаны үшін түсініктеме жазған мұғалім елге жанайқайын жеткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 502.27
  • 597.15
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бүйткен мұғалімдігі құрысын": Сабақта шулаған оқушысына бор лақтырғаны үшін түсініктеме жазған мұғалім елге жанайқайын жеткізді

"Бүйткен мұғалімдігі құрысын": Сабақта шулаған оқушысына бор лақтырғаны үшін түсініктеме жазған мұғалім елге жанайқайын жеткізді

Желіде оқушысы тыңдамай, оған бор лақтырған мұғалімнің видеосы тарады.

  • 10 Желтоқсан 2025
  • 11507
Instagram/abdulla.kz

Онда әріптесі осы әрекеті үшін түсініктеме жазып жатқанын айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz. медиа порталы. 

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында айтты. 

«Бүйткен мұғалімдігі құрысын. Өзім мұғаліммін, әріптесім сабақ кезінде бір бала шулап қоймаған соң, қолындағы борын лақтырған. Құлағына тиген. Сөйтіп ол жылап, мамасына хабарласқан. Мамасына да сөз ұқпайтын біреу екен. 

Полиция шақырып, ана жерді ажиотаж қылып жіберді. Қазір әріптесіме түсініктеме жазғызып жатыр. Байғұс жұмыстан шығарайын деп жатыр, байғұс дірілдеп тұр», — деді мұғалім.