Былапыт сөздерімен танылған "завуч" еңбек кітапшасының заңсыз жасалғанын мойындады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Былапыт сөздерімен танылған "завуч" еңбек кітапшасының заңсыз жасалғанын мойындады

Былапыт сөздерімен танылған "завуч" еңбек кітапшасының заңсыз жасалғанын мойындады

Түркістан облысы Бадам ауылындағы былапт сөздерімен танылған атышулы "завуч" Ұлжан Елмұратова еңбек кітапшасының заңсыз жасалғанын мойындады.

  • 17 Қаңтар 2023
  • 4534
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Құрал Сейітханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"10-минут уақытыңызды бөліп мына видеоны көріп шығыңыз. Боғауыз Ұлжан Елмұратова мына жерде қолдан жасалған еңбек кітапша арқылы мектепке жұмысқа кіргенін ашық айтып отыр. Кімге қанша пара бергенін де ашық айтып отыр. Мынау не масқара енді? Мынауың тіпті айылын жияр емес қой. Мынаның сөз саптасынан-ақ бұның қаншалықты сауатсыз екенін байқауға болады емес пе?

Ordabasy Prokuraturasy неге бұның үстінен қылмыстық іс қозғалмайды? Дәл осы мәселені сол кезде Айгүл Орынбек әшкерелеген болатын. Бірақ бұған ештеңе болған жоқ. Ауыл тұрғындарын азар да безер етіп олардан ақша бопсалағаны үшін, 20-жасар балаға жала жауып жеті айдан бері түрмеге қаматқаны үшін бұның үстінен қылмыстық іс қозғалып өзін түрмеге қамау керек. Халықтың күтіп отырғаны осы!!! Жалған құжатпен жұмысқа кіріп екі жыл бойы мемлекеттен айлық жалақы алған. Осы қылмысы үшін жауап берсін", — деп жазды Құрал Сейітханұлы.

Видеода Елмұратова "Иә, менің еңбек кітапшам заңсыз жасалған. Шұға апай, Білім бөлімінің басшысы "Роза Аманова деген жан құрбым бар, соған мен саған трудовой жасатып берейін. Содан кейін сені тәрбие жөніндегі зовуч етіп қояйық. Сен сияқты жұмысты бұрын ешкім істеген жоқ", — деді.