Былтыр әлемдегі миллионерлер саны 8,3% артқан - Merrill Lynch - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Былтыр әлемдегі миллионерлер саны 8,3% артқан - Merrill Lynch

Былтыр әлемдегі миллионерлер саны 8,3% артқан - Merrill Lynch

Былтыр әлемдегімиллионерлер саны 8,3% артып, тарихта тұңғыш рет Азия-Тынық мұхит аймағындағы ауқатты адамдар саны Еуропадағыдан басым түсті. Бұл туралы Capgemini SA және Merrill Lynch Global Wealth Management компаниялары хабарлады.

  • 23 Маусым 2011
  • 810
Фото - Caravan.kz

2010 жылы аквтивтерінің саны кем дегенде 1 млн долларды құрайтын адамдар саны 10,9 млн. Миллионерлердің жалпы қаржысының көлемі 42,7 трлн долларға жетіп, 2007 жылғы дағдарысқа дейінгі көрсеткіштен (40,7 трлн доллар) асып жығылыпты, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

Азия-Тынық мұхит аймағындағы байлар саны 9,7% артып, 3,3 миллионға жетті. Еуропалық миллиардерлер тізімі де 6,3% артып, қазір олардың қатарында 3,1 млн адам бар. Ал, Солтүстік Америка миллионерлерінің саны 3,4 млн (өсім 8,6%).
Ауқаттылар саны Африкада қарқындап өсіп келеді (11,1%).
Ал, жалпы активтерінің саны 1 млн доллардан асатын адамдардың 53 пайызы АҚШ, Жапония мен Германияда тұрады екен.

Соңғы жаңалықтар