Былтыр ел спортшылары әлем чемпионаттарында олимпиадалық спорт түрлерінен 11 медаль алды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Былтыр ел спортшылары әлем чемпионаттарында олимпиадалық спорт түрлерінен 11 медаль алды

Былтыр ел спортшылары әлем чемпионаттарында олимпиадалық спорт түрлерінен 11 медаль алды

Былтырғы жылы еліміздің спортшылары әлем чемпионаттарында олимпиадалық спорт түрлері бойынша 11 медальға, олимпиадалық емес түрлері бойынша 81 медальға, ал басқа да турнирлер бойынша 334 медальға қол жеткізген.

  • 28 Наурыз 2011
  • 502
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов мәлім етті.

«Сонымен қатар, Ванкуверде өткен қысқы Олимпиада ойындарында еліміздің ұлттық құрама командасы 12 жылдық үзілістен кейін алғаш рет күміс медальды қанжығамызға байлады. Осыған орай, әлемнің мықты спортшыларының ондығына 7 қазақстандық атлет еніп отыр. Ал былтырғы Гуанчжоудағы (Қытай) 16-жазғы Азия ойындарында қазақстандық спртшылар 18 алтын, 23 күміс және 38 қола медальға қол жеткізіп, олимпиадалық спорт түрлеріндегі медальдардың жалпы саны бойынша 4-орынды иеленді», — деді Т. Досмұхамбетов. Бұдан бөлек, министр жас қазақстандықтардың былтырғы Сингапурдағы бірінші жазғы Жасөспірімдер Олимпиада ойындарында да табысты өнер көрсеткенін алға тартты. Қазақстандық жас спортшылар осы додада 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль алып, 204 қатысушы елдің арасында 24-орынға табан тіреген.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера