Былтыр ел театрларында 39 жаңа қойылым болды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Былтыр ел театрларында 39 жаңа қойылым болды

Былтыр ел театрларында 39 жаңа қойылым болды

2010 жылы ел театрларында 39 жаңа қойылым болды. Бүгін былтырғы жылды қорытындылап, ағымдағы жылдың міндеттерін талқылауға арналған Мәдениет министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед осылай мәлім етті.

  • 21 Қаңтар 2011
  • 543
Фото - Caravan.kz


Жиын барысында министр «Мәдени мұра» жобасының аса маңызды бағыттарына тоқталып, оның аясында халықтың кеңінен насихатталатын өшпес рухани мұрасы анықталып, ол ұлт пен өскелең ұрпақтың игілігіне айналғанын атап өтті. «Ұлт мәдениеті үшін аса маңызды жобалардың бірі ретінде өткен жылы жүзеге асқан «Қазақтың дәстүрлі мың әні» және «Қазақтың дәстүрлі мың күйі» атты жобаны айтуға болады. Бұл ел тарихының кешегі кеңестік кезеңді қоса алғандағы бұрын-соңды болмаған айрықша жоба. Сондықтан да, ол халық тарапынан үлкен ықыласқа ие болды», — деді М. Құл-Мұхаммед. Бұдан бөлек, министр театр өнерінің дамуына да тоқталып өтті. Оның айтуына қарағанда, былтыр ел театрының сахналарында 39 жаңа қойылым жүзеге асқан.

Перейти к новостям спорта