Жарияланды: 380

Былтыр еліміздегі бөлшек сауда көлемі 319,7 млрд. теңгені құрады

2010 жылғы бөлшек сауда көлемі 3197,1 млрд.теңге құрады. Бұл оның алдындағы жылға қарағанда 17,9 пайызға жоғары көрсеткіш.

Статистика агенттігінің мәліметінше, былтыр бөлшек саудада тауар айналымының өсуі сауда кәсіпорындары (2010 жылы өткізу көлемі 18,2 пайызға өсті) және базарлар мен жеке кәсіпкерлер (2009 жылға қарағанда 17,5 пайызға жоғары) арқылы қол жеткізілді. Сонымен қатар, 2010 жылы жан басына шаққандағы бөлшек сауда 195,9 мың теңгені құраған. «Бөлшек сауда құрылымында сатып алушылар көбінесе азық-түлік емес тауарларын тұтынуды арттырған. Оның үлесі 67,2 пайызды құраса, азық-түлік тауарлары - 32,8 пайызға тең болды. Азық-түлік емес тауарлардың бөлшек саудада өткізілуі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 24,7 пайызға ұлғайды», - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпарда. Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі аса жоғары үлес салмақ 2010 жылы республика бойынша Алматы қаласында (30,3 пайыз), Қарағанды (10,3 пайыз) және Шығыс Қазақстан (9,2 пайыз) облыстарында елеулі болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін