Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Оның негізі себептерінің бірі – балалар үшін төлқұжат құнының екі есе төмендеуі. Қазақстан Республикасының азаматы паспортын алған ең жас азаматқа не бары 10 күн, ал құжат алған ең үлкен азаматтың жасы 109-да болды», — дейді ведомстводан.
Елге реадмиссия тәртібінде шетелде құжатсыз жүрген 70 қазақстандық азамат қайтарылды. Былтыр шетелдік жұмыс күшін заңсыз еңбекке тартқан 3 786 жұмыс беруші анықталды. Президент жолдауын іске асыру аясында оңайлатылған тәртіпте 41 шетелдік IT-маманы болып тұрақты еңбек етуге рұқсат берілді.