Былтыр маған күйе жағылғанда, асылық айтқаным үшін кешірім сұрағанмын - Сәкен Майғазиев - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Былтыр маған күйе жағылғанда, асылық айтқаным үшін кешірім сұрағанмын - Сәкен Майғазиев

Былтыр маған күйе жағылғанда, асылық айтқаным үшін кешірім сұрағанмын - Сәкен Майғазиев

Танымал әнші Сәкен Майғазиев былтыр өмірінде орын алған жайт туралы айтты.

  • 16 Ақпан 2022
  • 398
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Былтыр маған күйе жағылып, жала жабылып жатқан кез. Қасиетті ҚҰРАНда "Қиындықтардан кейін жеңілдіктер бар" деп уәде етуінде бір сыр бар ғой деп, иман келтірдім. Иман келтірдім де көндім. РАББЫМ мені осылай сынағысы келген шығар.
Пендеміз ғой, қанша жерден "Иман келтірдім, көндім" десем де, "жер өртемей-ақ" атым шыққанына жүрегім сыздап, жанымды жегідей жеп жүргенде Алматыдан балаларының анасы қоңырау шалды. Тәттілерімнің саулығын сұрағанымда: "Кеше түнде Сәфия (кенже қызым) қатты ауырып, жедел жәрдем шақырдық. Ұлыңыз сізді уайымдатпай-ақ қояйық деп, телефон соқтырмады", — дегенде "сылқ" етіп отыра кеттім.
"РАББЫМ! Бізді баламен сынамашы. Мен басқа сынақтарға өзім-ақ төзіп берейін, тек отбасыммен сынамашы. Жастардың төтеннен келген өлімінен, балалардың ауру-сырқауынан сақташы. Тек сәбимен сынамашы", — деп, алдыңғы сынақтарға асылдық айтқаным үшін кешірім сұрағаным бар. Балалар ауырмасын, аналар жыламасын, әкелер қайғырмасын", — деп жазды Сәкен Майғазиев.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр әлеуметтік желіде Шымкент қаласында Наурыз мейрамындағы іс-шараларға 565 миллион теңге бюджет қаражаты бөлінгені туралы ақпарат тараған болатын. Құжатқа "Шымкент қалалық мәдениет үйі" концерттік ұйымының" директоры Сәкен Майғазиевтің қол қойғаны айтылды.


Кейін, Сәкен Майғазиев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агентігінің бәрін тексергенін, ешқандай кінәсі жоқ екенін дәлелдеген. Кейін әнші өзін айыптаған белсендіні сотқа беріп, кейін арызын қайтарып алған болатын.

Перейти к новостям спорта