Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.
"Халықтың денсаулығын нығайту мақсатында елімізде Ұлттық скриниг бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл — ересек тұрғындар мен балаларды экспресс зерттеудің 7 түрі. Былтыр 7 миллион адамды қамтыған 12 миллионнан астам зерттеу жұмыстары жүргізілді. 304 мың дерт анықталып, 260 мың адам тіркеуге алынды", — дейді Елжан Біртанов.
Елбасының тапсырмасы бойынша қоғамдық денсаулықты басқару бойынша шаралар жоспары қабылданып, оқушылардың денсаулығын қорғау бойынша жаңа стандарттар енгізілді.