"Былтыр Тұңғышбай, биыл Гауxар... Келесі кім? Елдің еркелеріне деген құрмет қайда? - Айнұр Тұрсынбаева - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Былтыр Тұңғышбай, биыл Гауxар... Келесі кім? Елдің еркелеріне деген құрмет қайда? - Айнұр Тұрсынбаева

"Былтыр Тұңғышбай, биыл Гауxар... Келесі кім? Елдің еркелеріне деген құрмет қайда? - Айнұр Тұрсынбаева

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның айтуы бойынша елдің еркелеріне құрмет көрсетіліп, сотталмауы керек. 

  • 31 Қаңтар 2019
  • 2889
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

АйнұрТұрсынбаева жеке парақшасына:

"Данышпансып ештеңе демей-ақ қояйын..Бірақ ел болып, жұрт болып өнер үшін жаралған жүректі қаматып тастап қарап отырғанымыз сүйегімізге таңба!!! Былтыр Тұңғышбай, биыл Гауxар.. Келесі кім?! Құрбысын да кіналағым келмейді-ақ.. Бірақ Алла разылығы үшін кешіріп жібергеніңізде Алланың шексіз нығметіне бөленер едіңіз ғой, қап..Не болды енді?! Бәлкім бір қорқытып та қойғыңыз келген шығар..Гауxардың өзі де бұлай боп кетеді деп ойламаған ау..
Мұқтар Шаxановтың "Әке үкімі" деген өлеңін оқыңыздаршы.. Маxамбеттей ақынды өлтірген жауызға өз туған әкесі үкім шығарып тұрып айтқан сөзі бар:
"Ақын деген киелі аққу самғаған
Ал, ендеше аққуды атқан адамды,
Қай атаңнан көріп едің оңбаған?!" Ақша жиналар..Гауxар апамыз бостандыққа шығар.. Бірақ өнер үшін жаралған нәзік жүрек бұл сынақты көтере алар ма екен?! Мынадай әуезді әндер енді ол жүректен шығар ма екен? Заң бәрімізге бірдей.. Бірақ елдің еркелеріне деген құрмет қайда?! Қазақ ән өнеріне сіздей үлес қосқан қыздар аз! Мұзарт "Бір тамшы көздің жасындай" деп ән салғанда үзіліп тыңдаған жанкүйер жұрт қайда?! Қыздың қарғысынан қорқатын қабырғалы қазақ қайда?! Жанашыр ағалар қайда?! Осынша қатыгездікке кім үйретіп жатыр бізді?! Бұл қазақ өнері үшін ең қасіретті күн.. "Бір тамшы көздің жасындай" мөлдіреп кете бардыңыз ау жаным апке.. Жылы төсегімізде жатып жанымыз ауырып жатыр.. Сұп-суық қабырғалардың арасында жаурап жатқан шығарсыз.. Сәл шыдаңыз..! Халықтың ерекше ыстық ықыласын сезіну үшін осы сынақ керек те болған шығар.. ❤️ "Жақсылар жақсымын деп айта алмайды..
Жамандар жақсымын деп айқайлайды..
Күнде көріп жүрген соң қадірі жоқ,
Таулардың биіктігі байқалмайды..
Біздің ел өз жақсысын өзі өлтіріп,
Артынан асын беріп той тойлайды.." , деп жазды.


 

Соңғы жаңалықтар