Былтырдан бері терроризмді насихаттаған 950-ге тарта сайт жабылып, 150-нің ісі сотта қаралуда - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Былтырдан бері терроризмді насихаттаған 950-ге тарта сайт жабылып, 150-нің ісі сотта қаралуда

Былтырдан бері терроризмді насихаттаған 950-ге тарта сайт жабылып, 150-нің ісі сотта қаралуда

Былтырдан бері терроризмді насихаттап келген 950 сайт жабылса, қазіргі таңда соттарда 150 сайттың ісі қаралуда.

  • 14 Қараша 2012
  • 377
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қабдулкәрім Әбдіқазымов мәлім етті.

«Интернет желісі арқылы терроризм идеясын ауқымды насихаттау шаралары жүзеге асатыны шындық. Кейбір сайттарда тіпті қолдан жасалатын жарғыш заттардың нұсқаулықтары да орналастырылады. Тактика жүргізу, шабуыл жасауға және террактіге үйрету, тарту, жиһадқа шақыру секілді теріс пиғылды идеология интернетте шығып жатыр. Соған орай былтырдан бері сот органдары арқылы терроризмді, экстремизм мен зорлық-зомбылықты насихаттайтын осындай 950-ге жуық сайт жабылды. Бүгінгі күні соттарда 150-ге тарта сондай сайттардың мәселесі қаралуда»,-деді ҰҚК төрағасының орынбасары.

Оның айтуынша, даңкестікті насихаттайтын сайттар мен олардың серверлерінің басым бөлігі еуропалық зонада орналасқан. Сондықтан да мұндай сайттарды толық жабу кейде мүмкін болмайды.

«Осыған орай біз еліміздің өкілетті органдары арқылы бүкіл әлемдік қауымдастыққа қатыгездік желісіне бірлесе қарсы тұру туралы өз ұсынысымызды жолдадық»,-деді Қ. Әбдіқазымов.

Соңғы жаңалықтар