Былтырғы Малайзиядағы Әлем біріншілігінде де жеңіс тұғырына көтерілуіме мүмкіндік болды - Жазира Жаппарқұл - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Былтырғы Малайзиядағы Әлем біріншілігінде де жеңіс тұғырына көтерілуіме мүмкіндік болды - Жазира Жаппарқұл

Былтырғы Малайзиядағы Әлем біріншілігінде де жеңіс тұғырына көтерілуіме мүмкіндік болды - Жазира Жаппарқұл

Өз жанкүйерлеріме зор қуаныш сыйлағаныма ризамын.

  • 21 Мамыр 2012
  • 535
Фото - Caravan.kz

Кеше түнде Алматы әуежайында 10-18 мамыр күндері Гватемаланың Антигуа қаласында өткен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Әлем чемпионатынан олжалы оралған спортшыларды күтіп ал кезінде ауыр атлетикадан қыздар арасынан шыққан тұңғыш Әлем чемпионы Жазира Жапарқұл осылай айтты.

«Былтырғы жылы Малайзияда өткен Әлем біріншілігінде де жеңіс тұғырына көтерілуіме жақсы мүмкіндігім болды. Алайда кездейсоқ жарақат алып, жүлдеден қағылдым. Сондықтан осы жолы қайтсем де өз жанкүйерлерімді қуаныш пен шаттыққа бөлеуге барлық күш-жігерімді салдым. Иә, қарсыластарым да мықты болды. Дегенмен, Алла Тағалла қолдап, алтыннан алқа тағындым. Сөз орайы келгенде, бізге барынша қолдау көрсетіп отырған Спорт және дене шынықтыру агенттігі мен бас демеушіміз — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорына өз ризашылығымды білдіремін», — деді Ж.Жаппарқұл.

Жазира 69 келі салмақта бақ сынаған жұлқа көтеруде 106 келіні, ал серпе көтеруде 133 келіні бағындырып, қоссайыстың қорытындысы бойынша 239 келімен Әлем чемпонатының жеңімпазы атанған болатын. Ол басты қарсыластары — тайландтық Вирия Саваннаратанадан (105+130) — 4, ал қытайлық Венжу Тианнан (102+132) — 5 келі артық салмақты бағындыра алды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера