Жарияланды: 350

Былтырғы қарашада халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табыстары 51 мың 738 теңгені құрады

2012 жылғы қарашада халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары алдын ала берілген деректер бойынша 51738 теңгені құрады. Бұл 2011 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 6,8 пайызға артты. Нақты ақшалай табыстар 1,1 пайызға өскен. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.

Агенттік мәліметтеріне қарағанда, 2012 жылғы қарашада орташа жан басына шаққандағы ақшалай табыстардың көлемі бойынша әлі де болса Атырау облысы, Алматы және Астана қалалары алдыңғы қатарда, мұнда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2,3 -1,6 есеге артық. 2012 жылғы қарашада табыстары ең төмен өңірлер қатарында Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары белгіленді. Аталмыш өңірлерде халықтың табыс мөлшері республикалық деңгейден 60,7 пайыздан 81,8 пайызға дейін құрады. Сонымен қатар, халықтың нақты ақшалай табыстарының ең көп өсу қарқыны Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында белгіленді. 2012 жылғы қарашада өңірлер бойынша атаулы ақшалай табыстардың ең жоғары және ең төмен мөлшерлері арасындағы арақатынас 3,7 есені құрады (2011 жылғы қарашада - 3,7 есе).

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін