Жарияланды: 680

Былтырғы жылы прокурорлар есепке алынбай жасырын қалған 304 қылмысты анықтаған - Бас прокуратура

Астана. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Былтырғы жылы прокурорлар есепке алынбай жасырын қалған 304 қылмысты анықтаған. Қылмыстың ең көп ауқымын жасырып отырғандар -ішкі істер органдарының бөлімшелері, деп хабарлайды агенттік тілшісі Бас прокуратураның сайтына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өткен аптада құқық қорғау және арнайы органдары басшыларының Үйлестіру кеңесінің отырысында қылмыстық қудалау органдары тарапынан алдын ала тергеу тексерісі сатысындағы заңдылық сақталуына, оның ішінде 2007 жылы және 2008 жылдың 8 айында қылмысқа байланысты өтініштерді, хабарлама және ақпараттарды қабылдау, тіркеу және есепке алу қорытындылары қаралды. "Былтырғы жылы прокурорлар есепке алынбай жасырын қалған 304 қылмысты анықтаған (соттарға 131 қылмыстық іс жолданған), осы жылы-140 (сотқа 82 іс жіберілген). Қылмыстың ең көп ауқымын жасырып отырғандар -ішкі істер органдарының бөлімшелері",- делінген хабарламада. Есептен жасырылған негізгі қылмыстар: мүліктік қылмыстар, бұзақылық, денсаулыққа орта және ауыр деңгейдегі зиян келтіру фактілері, жол қозғалысы ережелерін бұзу. Үйлестіру кеңесінің отырысында облыс прокуроры Әмірхан Аманбаев алдын ала тергеу тексерісі сатысының сапасыздығы нәтижесінде қылмыстың барлық мән-жайын толық әрі жан-жақты тексеруге жағдай жасалмай, заңсыз шешімдер қабылданатынын атап өтті. Болған қылмысқа байланысты түскен өтініштер мен хабарламалардың қаралуы созбалаңдыққа салынып, нәтижесінде қылмыс ашылмай қалады. Көбінесе құқық қорғау органдары өздерінің ішківедомстволық мүдделерін қорғай отырып, ұрланған мүлікті іздеуін жалғастыратындарына сендіріп, азаматтарды қарсы өтініш жазуға "үгіттейді". Азаматтардың өтініштерін тиісті тексеріс жасамастан есептен шығарып тастау деректері жойылмаған. Есепке алу-тіркеу тәртібін бақылайтын арнайы ведомстволық комиссиялар өз міндеттерін орындамайды. Бүгінгі күні олардың қызметі арыздар мен өтініштердің қаралу мерзімінің уақытылы ұзартылуын бақылау ғана болып отыр. Облыс прокуратурасының анықтау және тергеу жүргізу заңдылығын бақылау басқармасының бастығы Қамал Әбеуов баяндама жасады. Баяндама оқылғаннан кейін облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары Нұртөре Біртілеуов және облыстық ІІД бөлімінің басшысы Рашид Ефизов есеп берді. Талқылаудан соң, Үйлестіру кеңесі қылмысқа байланысты өтініштерді, хабарлама және ақпараттарды қабылдау, тіркеу және есепке алу барысында заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар қабылдады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть