"Бүркіт ем аспанда ұшқан, түстім торға" - Шерзат ісіндегі күдікті Азамат Тоқтаубаев соңғы сөзінде анасына өлең шумақтарын оқыды - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+33 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бүркіт ем аспанда ұшқан, түстім торға" - Шерзат ісіндегі күдікті Азамат Тоқтаубаев соңғы сөзінде анасына өлең шумақтарын оқыды

"Бүркіт ем аспанда ұшқан, түстім торға" - Шерзат ісіндегі күдікті Азамат Тоқтаубаев соңғы сөзінде анасына өлең шумақтарын оқыды

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сотта соңғы сөзінде Азамат Тоқтаубаев анасына өлең шумақтарын арнады.

  • 3 Маусым
  • 551
Stan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тоқтаубаев соңғы сөзінде Тұрар Рысқұлов ауылын мақтап, онда ешқандай қылмыстық топ жоқ екенін, адамдарының жақсы екенін алға тартты. 

“Менің мінездемемде де көрсетілген. Менде ешқашан бұзақылық ниет болмаған. Бір үйден екі азамат кетіп, сотталайын деп отыр. Әке-шешемізге де обал, бала-шағамыз жетім қалды. Асыраушысы едік. Балалы болып ата-анамның қадірін біліп жатырмын. Бұрын-соңды істі болдым. Басыма тиді. Енді өмір сүруге көзқарасым бөлек! Қазір жағдайымды ойлаймын. Тек алға! Өмір тоқтаған жоқ. Түзеліп шыққасын өзгеремін. 7 жыл, 15 жыл деп жатыр. Бұл маған ауыр тиеді. Өзімді қоғамға қауіптімін деп есептемеймін. Қателеспейтін адам жоқ!”, – деді ол. 

 Ол Жан Ахмадиевтің шығармашылығын ұнататқанын айтты.

“Бұл кісіні балалық кезімнен тыңдап жүремін:

  “Қазақпыз ғой қазақтықты сақтайық.

   Қазақыз ғой күнә жасап, арымыздан аспайық

  Үлкендердің алдында көлденең жатпайық”, деген өлеңдерін тыңдаймын. Бірақ неге екенін білмеймін, аяқ асты резонанс туып кетті. Құрметті сот жазамды 7 жыл 2 ай мерзіміндле қалдыруыңызды сұраймын”, -деді ол. 

Соңғы сөзін айыпталушы анасына арнаған өлең шумақтарымен аяқтады. 

“Анашым кешіріңіз бізді!

“Анашым амал барма мына сорға,

Бүркіт ем аспанда ұшқан түстім торға”, – деді ол.