Бюджет қызметкерлеріне төленетін сауықтыруға арналған жәрдемақы мөлшері де артты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бюджет қызметкерлеріне төленетін сауықтыруға арналған жәрдемақы  мөлшері  де артты

Бюджет қызметкерлеріне төленетін сауықтыруға арналған жәрдемақы мөлшері де артты

Сүйінші! Бюджет қызметкерлерінің табысы көбейтілетін болды. Жалақы бірден 30 пайызға ұлғайтылмақ.

  • 1 Шiлде 2011
  • 1384
Фото - Caravan.kz

Бұл мақсатқа ел қазынасынан қосымша 274 жарым млрд. теңгеден астам қаражат қарастырылған. Тиісті қаулы 1 шілдеден бастап заң  күшіне енеді. Оң өзгерістерді 1 млн 300 мыңдай адам сезінуі тиіс. Олардың едәуір бөлігін денсаулық сақтау және білім беру салаларының қызметкерлері құрап отыр. Сонымен қатар мемлекеттік қазыналық мекемелерде жұмыс істейтін азаматтардың жалақысы өседі. Келесі жылы бюджет саласы өкілдерінің еңбекақысын 2008жылмен салыстырғанда екі есеге көбейту көзделуде. Алайда бұл уақытқа дейін инфляцияның да қандай деңгейге жететіні белгісіз. Қалай дегенмен келесі айда мемлекеттік бюджет есебінен күн көріп отырғандар өз мүдделері үшін бұрынғыдан көбірек ақша жұмсай алады. Биыл мұндай мүмкіндікке алғашқы болып зейнеткерлер мен студенттер ие болды. Олардың төлемақылары жыл басында көбейтілген. Енді кезек күнделікті қызметте жүрген мамандарға жетті.


Гүлнәр Әлімбекова
, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ішкі бақылау департаментінің директоры:

— Бұл ретте бюджет саласы қызметкерлерінің орташа жалақысы 2010 жылғы 51933 теңгеден 67513 теңгеге өседі. Бұдан басқа, бюджет саласы қызметкерлері кезекті еңбек демалысына шықан кезде төленетін сауықтыруға арналған жәрдемақылардың да мөлшері  де артады.

Соңғы жаңалықтар