Жарияланды: 520

Бюджеттен экономиканы қолдауға бөлінген қаржы дер кезінде және толық игерілген жоқ - Есімов

Алматы. 21 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бюджеттен экономиканы қолдауға бөлінген қаржы дер кезінде және толық игерілген жоқ. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Алматы қаласының 2008 жылдың 9 айы ішінде әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары бойынша өткізген кеңесте айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Әкімнің айтуынша, ""Қазына" Тұрақты даму қорының іс-қызметінен айқын логика байқалмай отыр. Президенттің тапсырмасымен шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыруға "Қазына" Тұрақты даму қорының желісімен ауқымды қаржы бөлінеді. Бірақ осы қаржының көлемі Алматыда инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға жетпейді, Қазақстан экономикасында Алматының атқарып отырған орны мен рөліне сай келмейді". ""Қазына" даму институттарының қолында ұлығаусар қаржы шоғырланған, алайда, жергілікті жерлерде оның жемісі байқалмай отыр. Сонымен бірге жариялылық пен ашықтықтың жоқтығы оның қызметінің тиімділігін төмендетуде ", - деді ол. Ол сонымен бірге ""Самұрық" холдигінен де айтарлықтай тиімділікті күтетінін" атап өтті. Мәселен, Алматының барлық энергетикалық кешенін басқару тетігі "Самұрық-Энерго" компаниясының қолында шоғырланған. Кәсіпорындардың акцияларының бақылау пакеттері соған тиесілі. Биыл тарифтер біршама көтерілді, алайда, энергетикалық кешеннің жұмысынан жақсару белгісі байқалмай отыр", деді қала әкімі. Ал энергетиктер жуырда тағы да ақша сұрады, дейді әкім. "Сол себепті жаңадан құрылған "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры өзінің атауына сай келеді деп үміттенеміз ", - деді әкім. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін