Бюджеттік сала қызметкерлері жалақысының өсуі инфляцияға айтарлықтай әсер етпейді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бюджеттік сала қызметкерлері жалақысының өсуі инфляцияға айтарлықтай әсер етпейді

Бюджеттік сала қызметкерлері жалақысының өсуі инфляцияға айтарлықтай әсер етпейді

Шілде айынан бастап бюджеттік сала қызметкерлері жалақысын өсіру кезінде оның инфляцияға әсері алдын-ала қарастырылды.

  • 5 Шiлде 2011
  • 737
Фото - Caravan.kz

Бұны Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтты.

«Бюджеттік сала қызметкерлері жалақысының өсуі инфляцияға айтарлықтай әсер етпейді. Біз өз тарапымыздан бұған дейін құзырлы органдармен бұл мәселеге болжам жасаған болатынбыз. Есептеулер бойынша ол 0,5-0,8 пайызды құрауы мүмкін», — деді Бас банкир. Оның айтуынша, бұл есептеулер алдын-ала жасалды. Жалақының өсуі инфляцияның өсуіне ықпал ете алмайды.

ҚР Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша, маусым айында инфляция 0,3 пайыз деңгейінде қалыптасты. 2010 жылдың сәйкес мерзімінде бұл 0,2 пайызды құраған. Маусымдағы инфляция жылдық көрсетуде биыл 8,4 пайыз болды. Ал қаңтар-маусым үшін ол биыл 5,1 пайыз болса, былтырғы жылдың сәйекес кезеңінде 4,4 пайызды құраған еді.

Соңғы жаңалықтар